$ 516.86  598.68  6.58
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

100-ге жуық мал табылды: Ұлытау облысында мал ұрлығымен айналысқан 17 адам қолға түсті (ВИДЕО)

Олар төрт қылмыстық топтың мүшесі болған

100-ге жуық мал табылды: Ұлытау облысында мал ұрлығымен айналысқан 17 адам қолға түсті (ВИДЕО)
Фото: istockphoto.com

Ұлытау облысында мал ұрлығымен айналысқан 17 адамнан тұратын 4 қылмыстық топ қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

2300 шаруа қожалығы тексерілді

Ұлытау облысында 5 қыркүйектен бастап «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатыр. Іс-шараның негізгі мақсаты – мал ұрлығын алдын алу және ұрланған малды қайтару.

Полиция қызметкерлері іс-шара аясында:

  • 2300 шаруа қожалығын тексерді,
  • мал соятын 6 арнайы орын,
  • ет сататын 34 дүкен мен базар бақылауға алынды.

Криминалды полицияның жүйелі жұмысының нәтижесінде 15 мал ұрлығы фактісі ашылды, 17 адамнан тұратын 4 қылмыстық топ анықталды. Олардың ішінде 6 адам сот шешімімен бас бостандығынан айырылды.

100-ге жуық мал иелеріне қайтарылды

Жедел-іздестіру іс-қимылдары барысында 100-ге жуық мал өз иелеріне қайтарылды. Сонымен қатар, қараусыз жүрген малдар уақытша айып тұрақтарына қамалады. Қазіргі таңда облыс бойынша 26 арнайы мал қамайтын орын жұмыс істейді.

Жаңаарқа ауданында қылмыстық топ әшкереленді

Тергеу барысында анықталғандай, топ құрамына Жаңаарқа ауданы мен Қарағанды қаласының 18-22 жас аралығындағы тұрғындары кірген.

2025 жылғы қыркүйек-қараша айлары аралығында олар:

  • аудан аумағында бірнеше рет мал ұрлаған,
  • түнгі уақытта жайылып жүрген малды атып, сойып алған,
  • қора-жайлардан мал ұрлаған.

Тергеу нәтижесінде олардың 7 бас ірі қара мен 2 жылқыны ұрлағаны дәлелденді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полицияның ескертпесі

Ұлытау облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Ербол Қайрбеков атап өткендей:

  • Малдарды міндетті түрде сырғалау және таңбалау жұмыстарын жүргізу,
  • Малды қараусыз еркін жайылымға жібермеу,
  • Малдың жоғалу белгілері байқалған жағдайда дереу полицияға хабарлау қажет.

«Есіңізде болсын: әрбір минут қылмыстың "ізін суытпай" ашуға көмектеседі», – деді Ербол Қайрбеков.

Серіктес жаңалықтары