ТЖМ өрт сөндірушілері өрт кезінде 10 адамды эвакуациялады
Шымкент қаласының Қонаев даңғылы бойында орналасқан 9 қабатты көп пәтерлі тұрғын үйдің тоғызыншы қабатында орналасқан пәтерде өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, құтқарушылар түтін толған үйден 10 адамды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады. Құтқарушылар адамдарды көрінуі нашар жағдайда баспалдақпен шығарды.
«Өрт сөндірілді, зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында анықтаушылар жұмыс істеп жатыр», – делінген ТЖМ хабарламасында.