«Жылап, ұрмауын сұраған»: Талдықорғанда әйелін атымен сүйреп өлтірген ер адамның соты өтті

Автор: Аягөз Құрмаш

Келесі отырыс 5 желтоқсанда болмақ

Фотоколлаж: Әбілқасым Есентаев/Azattyq Ruhy

Талдықорған қаласының Ақсу ауданына қарасты Баласаз ауылында Айзат Жұманованы азаптап өлтірген күйеуі Айбар Жанболатқа қатысты алғашқы сот отырысы өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сот отырысында прокурор күдікті 99-баптың 1-бөлігі бойынша айыпталып отырғанын жеткізді.

«Айбар Жанболат Айзат Жұманованың өзге адаммен телефонмен сөйлескенін есіне түсіріп қызғанып, оны өлтіру жайлы арам ойын жүзеге асырмақ болған. 22 маусымда масаң күйде спортпен шұғылданғанын пайдаланған Айбар қасқана ойын жүзеге асыру үшін әйелі Айзатты Баласаз ауылында ұрып-соғады. Әйелі жылап, ұрмауын сұраған. Алайда күдікті оған қарамай бас тұсынан ұрып, есінен тандырған. Есінен танып қалған әйелін одан әрі ұра берген. Жедел жәрдем шақырмай, ол түнгі 2:30-да ғана Талдықорған ауруханасына жеткізген. Айзат Жұманова жансақтау бөлімінде көз жұмды», - дейді прокурор Нұрлан Билібеков.

Алдын ала отырыста келесі сот отырысы 5 желтоқсанда болатыны белгілі болды.

Еске салсақ, осыған дейін күйеуі әйелін екі жасар баласының көзінше қатыгездікпен ұрып-соққан. Бұдан бөлек, оны арқанмен қолынан байлап, жылқымен сүйрегені де белгілі болған еді.