$ 518.68  600.27  6.58
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда бір топ ер адам «полицейміз» деп Қытай азаматтарынан 5,5 млн теңге тартып алған

Жалған полицейлер шетелдіктердің уақытша тұрып жатқан жеріне барып, ақша талап еткен

Алматыда бір топ ер адам «полицейміз» деп Қытай азаматтарынан 5,5 млн теңге тартып алған
Фото: Видеодан скрин

Алматы қаласында бірнеше ер адам құқық қорғау органдарының қызметкеріміз деп танысып, Қытай Халық Республикасының азаматтарынан ақша бопсалаған. Полиция бір топ адамның қылмыстық әрекетін әшкереледі. Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктілер шетелдіктерден шамамен 5,5 миллион теңге көлемінде қаражат алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тергеу барысында анықталғандай, топ мүшелері бірігіп әрекет етіп, алдымен көшеде жүрген шетелдік азаматтардың біріне жақындап, өздерін полиция қызметкерлері ретінде таныстырған. Одан кейін олардың уақытша тұрып жатқан мекенжайына бірге барған күдіктілер ақша талап еткен.

«Полиция қызметкерлерінің жедел жұмысының арқасында күдіктілердің тұлғасы қысқа уақыт ішінде анықталды. Біз олардың азаматтарды алдап, жалған полиция қызметкері ретінде ақша талап ету әрекеттерін дер кезінде тоқтаттық. Қазіргі уақытта бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Еділхан Байғараев.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Осындай қылмыстық әрекеттерді анықтау бойынша жұмысты күшейте береміз. Әрбір заңсыздық фактісі мұқият тексеріліп, кінәлілер міндетті түрде жауапқа тартылады. Алматы қаласының полицейлері күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеруді жалғастыруда», – деп атап өтті қалалық Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Дәулетияров.

Серіктес жаңалықтары