$ 518.68  600.27  6.58
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда 2,5 мыңнан астам вагон пайдаланылмай, бос тұр

«Қазақстан темір жолы» түсініктеме берді

Қазақстанда 2,5 мыңнан астам вагон пайдаланылмай, бос тұр
Фото: istockphoto.com

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының желісінде жекеменшік вагондардың ұзақ тұрып қалу жағдайлары артып келеді. Бұл жағдай жүк тасымалының ырғақтылығына теріс әсер етіп отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ұлттық компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық компанияның мәліметінше, қараша айының 10 күнінде жұмыс паркінің 2,5 мыңнан астам вагоны станциялық жолдарда босқа тұр, оның 1,5 мыңы – бос және 500 жуығы – тиеулі.

«Ұзақ тұрудың себептері ҚТЖ қызметімен және инфрақұрылымның техникалық жай-күйімен байланысты емес. Қозғалмай тұрған вагондардың артық саны станциялардың өткізу қабілетін шектеп, құрамдарды қабылдау мен жөнелтуді қиындатады, учаскелік жылдамдықты төмендетеді және жылжымалы құрамның айналымын арттырады», – делінген хабарламада.

Тасымал үдерісін тұрақтандыру үшін ұлттық компания жүк жөнелтушілер мен жүк алушыларды станция жолдарын дер кезінде босатуға; вагондарды уақытылы түсіруге; жөнелтуге арналған тиеу алаңын алдын ала дайындауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары