Қазақстанда 2 млн-нан аса адам ЖРВИ жұқтырған
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі жарияланды
Қазақстанда ЖРВИ жұқтырған науқастар саны артып барады. Бұл туралы денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.
«Маусымдық өсу байқалады. Қазіргі таңда шамамен екі миллион адам инфекциямен ауырған, бұл күзгі-қысқы кезеңге сәйкес келеді. Аурушаңдық көрсеткіштері өткен жылғы эпидемиологиялық маусымға ұқсас. Негізгі штаммдар әртүрлі – ЖРВИ, парагрипптер, сондай-ақ грипптің штаммдары анықталып жатыр. Біз шамамен 1200 ПТР зерттеу жүргіздік», — деді вице-министр.
Оның айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанның бас санитарлық дәрігерінің халыққа арналған маска тағу жөніндегі ұсынысы бар.
«Бұл қаулы медициналық ұйымдар үшін міндетті: емханаларда, ауруханаларда, медициналық персонал үшін. Ал басқа қоғамдық орындар үшін тек ұсыныс сипатында, яғни міндетті емес», – деп нақтылады Тимур Сұлтанғазиев.