Кемінде тағы 28 адам зардап шеккен
Гонконгте көпқабатты тұрғын үй кешенінде болған ірі өрттен кемінде 13 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі ABC News басылымына сілтеме жасап.
Гонконгтың Тай По ауданындағы көпқабатты «Ван Фук» тұрғын үй кешенінде алапат өрт шыққанү
Ресми мәлімет бойынша, өрт алғаш басталғанда оған үшінші деңгейлі қауіп статусы берілген. Алайда жалынның қарқын алуына байланысты деңгей кейін төртіншіге, одан соң бесінші деңгейге көтерілген.
Өрт сөндіру қызметінің ақпаратына сәйкес, оқиға салдарынан кемінде 13 адам қаза тауып, тағы 28 адам жарақат алған. Зардап шеккендердің басым бөлігі жақын маңдағы екі ауруханаға жеткізілген.
Гонконг билігі оқиға орнына жедел қызметтердің барлық күші жұмылдырылғанын, жағдайды бақылауға алу шаралары жалғасып жатқанын мәлімдеді.