Алдын ала мәлімет бойынша, құны шамамен 8 млрд теңге болады
Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Ақтөбе облысында ірі көлемде ұрлық, заңсыз тасымалдау және мұнай өнімдерін шетелге контрабандалық жолмен шығару ісін анықтады. Ұйымдастырушылардың кеңселерін тінту кезінде қару-жарақ пен құжаттар тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ішкі істер министрлігі қараша айында Ақтөбе облысында мұнай өнімдерін ұрлау және заңсыз тасымалдаумен айналысқан адамдар тобын анықтады. Тергеу барысында олар мұнай өңдеудің бастапқы өнімін жалған құжаттар арқылы тасымалдағаны белгілі болды.
Ірі көлемдегі заңсыз операция ұйымдастырушыларының тапсырмасымен шамамен 60 тонна мұнай өнімін екі өңір арасында тасымалдаған жүк көліктерінің жүргізушілері ұсталды.
Тұрғын үйлер мен бір кәсіпорында жүргізілген тінтулер кезінде:
Сонымен қатар, басқа қылмыстық іс аясында шетелге мұнай өнімдерін контрабандалық жолмен шығарумен айналысқан компанияның қызметі тексеріліп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, кәсіпорын құны шамамен 8 млрд теңге болатын 30 мың тоннадан астам жанармайды экспорттаған.
Қазан айында мемлекеттік шекарадағы теміржол өткізу пункттерінің бірінде осы компанияға тиесілі, көрші мемлекетке 300 тонна жанармай тасымалдамақ болған төрт вагон анықталды.
Барлық анықталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.
ІІМ мұнай өнімдерін ұрлау мен заңсыз айналымға қарсы жұмыстарды жалғастыратынын мәлімдеді.