Бұл туралы Берік Асылов жазған
Бас прокурор Берік Асылов Х әлеуметтік желісіндегі парақшасына өзі басқарып отырған органның былтырғы жұмысын қорытындылаған, деп жазады Azattyq Rýhy.
Ол ең алдымен мемлекет пайдасына қанша млрд теңге өтелгенін жазған. Дәлірек айтсақ, 2025 жылы Қазақстандағы прокурорлар мемлекет мүддесіне 1,1 трлн теңге өндіріп алған.
«Мемлекет пайдасына мемлекет қаржысын жұмсау, мемлекеттік сатып алу, қоршаған ортаны қорғау және жер қойнауын пайдалану, жерлерді ұтымды пайдалану және басқа да салаларда 470 млрд теңге көлемінде ақша мен мүлік тәркіленді. Бас прокуратура қаржы және әділет министрліктерімен бірлесіп мемлекеттік мүлікті басқарудың заңдылығына жүргізген бір ғана тексеруі 3 жылдан астам уақыт бойы шоттарда бұғатталып тұрған және бюджетке төленбеген 193 млрд дивидендті өндіріп алды», - деп жазған Асылов.