«Азаттық рухы» тілшісі елімізде қызу талқыға түсіп жатқан атом электр станциясын салу мәселесіне қатысты шетелдік сарапшылар пікірін сұрап көрді
Шетелдік сарапшылардың қатысуымен елордада өткен «Kazenergy» дәстүрлі форумында энергетика саласының болашағы, энергия көздерінің дамуы мәселелері талқыланды. Осы ретте «Азаттық рухы» тілшісі елімізде қызу талқыға түсіп жатқан атом электр станциясын салу мәселесіне қатысты шетелдік сарапшылар пікірін сұрап көрді. Сарапшылар «Егер Қазақстан АЭС жайлы нақты шешім қабылдаса, ол жаңа, қауіпсіз технологиялармен салынады. Сондықтан Чернобыль секілді апаттар болады деп қорқу негізсіз» дейді.