ШұғылҚазақстанда коронавирус симптомы жоқ науқастар саны 1 мыңнан асты

Әблязов құрған қозғалыстың қозғаушы күші жоқ - Ермұхамет Ертісбаев

Ермұхамет Ертісбаев сұхбатында Әблязовпен не үшін пікірталасқа түскенін, мұндай қадамға не үшін барғаны жайында айтып берген

Фото: ашық дереккөзден

Әблязовпен пікірталасқа түскен саясаткер Ермұхамет Ертісбаевтың «Литер» қоғамдық-саяси басылымында сұхбаты жарық көрді.

«Кез келген төңкеріс әрекетінің я революцияның қозғаушы күші болады. Айталық, Француз революциясының қозғаушы күші «үшінші сословие», шаруалар, саудагерлер болды. 1917 жылғы Орыс революциясының да қозғаушы күші қарапайым жұмыскерлер мен шаруалар болған еді. Ал Мұхтар Әблязов құрған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысының қозғаушы күші жоқ», - дейді саясаткер сұхбатында.

Саясаткердің айтуынша, халық белгілі бір әлеуметтік топтардан, аты-жөні бар тірі адамдардан тұрады.

«Қандай әлеуметтік топтар Әблязовтың қозғаушы күші болып отыр? Зауыттар мен өндірістер ме? Жоқ. Мұғалімдер мен студенттер? Жоқ. Мұғалімдер, дәрігерлер, қызмет көрсету саласының мамандары ма? Жоқ. Шағын және орта кәсіп иелері ме? Жоқ {.....}», - деп сұхбатында Әблязовтың халық туралы жиі айтатындығын, дегенмен халықтың өзі абстрактілі түсінік емес екенін алға тартты.

Ермұхамет Ертісбаев сұхбатында Әблязовпен не үшін пікірталасқа түскенін, мұндай қадамға не үшін барғаны жайында айтып берген. Сұхбаттың толық нұсқасын «Литер» басылымының сайтынан оқи аласыздар.

Естеріңізге сала кетейік, Әблязов пен Ертісбаев арасындағы пікірталас 13 қыркүйек күні өткен еді.

‡àãðóçêà...
Сұхбат
Чжан Сяо ҚХР мен АҚШ байланысының суып кетуіне кімдердің қатысы барын айтты
«Болашақ» президенті стипендия талаптарындағы өзгерістерді егжей-тегжейлі түсіндірді
Бүгінге дейін ауылға көшу акциясына 4000 адамнан өтініш түcкен