ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 2656 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Қос азаматтығы үшін қызметінен кеткен шымкенттік шенеунік сұхбат берді

Олег Почивалов бір ғана елдің - Қазақстан азаматы екенін айтады

Былтыр желтоқсан айында Шымкент қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олег Почиваловтың қос азаматтығы бары жайында деректер жарияланды. Жарияланған мәліметтерге сәйкес, Шымкент әкімдігінде басшылық қызметте жүрген мемлекеттік қызметші – Ресей азаматы.

Сол кезде басқарманың баспасөз қызметі Почиваловқа қатысты тараған ақпаратты жоққа шығарып, оның тек Қазақстан азаматы екенін хабарлады.

Арада бір жарым ай уақыт өткен соң, Шымкент қаласы полиция департаментіндегілер қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олег Почиваловтың қос азаматтығы барын растап, оны Қазақстан азаматтығынан айыру жайтын тіркеді.

Осы жағдайдан кейін шымкенттік шенеунік бұған дейін өзіне «Қос елдің азаматтығын алған» деп айып таққан Шымкент қаласының көші-қон полициясының ақпаратын жалған деп жариялап, сотқа талап арыз түсірді. Тіпті, БАҚ өкілдеріне арнап брифинг өткізіп, «ешқашан Ресей азаматтығын алмағанын» мәлімдеді. Сондай-ақ, сот жұмысы аяқталғанша оған Қазақстан азаматтығы уақытша қайтарылған еді. Алайда, Әл-Фараби аудандық сотының судьясы оның арызын қанағаттандырған жоқ.

3 наурызда шаһар әкімі Мұрат Әйтеновтің өкімімен басқарма басшысы Олег Почиваловтың 25 ақпанда қызметінен босатылғаны хабарланды.

Басқарма басшысы болған Олег Почивалов Azattyq Rýhy тілшісіне берген сұхбатында тек бір ғана елдің - Қазақстан азаматы екенін айтты. Экс-шенеунік Ресей азаматтығы жөніндегі құжаттың жалған деп мәлімдеді. Толығырақ ақпаратты сұхбаттан біле аласыздар.