Халықтың кедейлігі ұлттық қауіпсіздікке кері әсер етеді - Ерлан Сайыров

Автор: Azattyq Rýhy

Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров төменгі палатадағы жұмысы жайында айтты

Бұған дейін депутаттар мен жаңа заңнама нормаларын талай рет сынға алған саясаттанушы бүгінгі күні өзі де Мәжіліс депутаты атанды. Айтуынша, депутаттардың артық жүріс-тұрысқа уақыты жоқ, шаруа шаш етектен.

Сайыров депутат атанғалы фракция атынан Үкіметке екі сауал жолдады. Бірі отбасы құндылықтарына қатысты болса, екіншісі «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына байланысты.

17 ақпанда Ерлан Сайыров Қазақстанда күнкөріс деңгейі төмен азаматтардың саны 1 млн адамнан асқанын айтып, Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдады. Бүгін Azattyq Rýhy тілшісі Мәжілістің VII шақырылымына жаңадан сайланған депутат Ерлан Сайыровпен әлеуметтік мәселе төңірегінде сұхбаттасты.