ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 1430 адамнан коронавирус анықталды

Зейнетақы қорынан ақша алу, Федоров пен Никонов жайлы – Мұхтар Тайжанмен сұхбат

«Азат сұхбат» айдарының бүгінгі қонағы - белгілі қоғам қайраткері, экономист Мұхтар Тайжан.

Сарапшы жақында жарияланған Президенттің мақаласына қатысты пікір білдірді. Атап айтқанда, ұлтшылдықтың қазіргі қоғамдағы сипаты жайлы ой қозғады.

Жер комиссиясы құрылса, мораторий мәселесі күн тәртібінен түсе ме деген сауалға жауап берді. Жерді космостан бақылау арқылы 4 млн гектар жер мемлекет меншігіне өткен. Ал ауылшаруашылық мақсатында тағы 45 млн гектар жер латифундистер меншігінде жатыр. Алайда, экономистің айтуынша, Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров ірі жер иеленушілердің меншігіндегі жерлерді қайтаруға құлықсыз. БЖЗҚ-дан қаржы алып, баспана мәселесін шешуге бола ма? Сарапшы Қазақстанда 7 млн адамның мойнында несие қамыты бар кезде, халықтың әл-ауқаты туралы айтуға ерте екенін айтты.   

Сондай-ақ сұхбатта Мұхтар Тайжан Ресей мемлекеттік думасының депутаттары Никонов пен Федоровтың даулы мәлімдесі ел қауіпсіздігіне жауапты мемлекеттік органдарды да ұйқысынан оятқанын айтты.