Әйелге ақша ешқашан жетпейді – Ләйлә Сұлтанқызы

Автор: Azattyq Rýhy

«Абайдың 45 сұрағына» танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы жауап берді

Белгілі тележүргізуші, журналист Ләйлә Сұлтанқызы сұхбат барысында отбасындағы қатынас пен бұлжымайтын заңдылықтар туралы айтып берді. «Қазақы феминизмнің» ерекшелігін сөз етті. Өзі үлгі тұтатын қазақстандық үш әйелді атады. Журналистің басқа да пікірлерін толық шығарылымнан көріңіз.

«Абайдың 45 сұрағы» – Azattyq Rýhy ақпарат агенттігінің YouTube желісіндегі жобасы. Саясаткер, ғалым, депутат, қоғам қайраткері сияқты танымал тұлғалар журналист Абай Сейфулланың нақты сұрақтарына қысқа әрі нұсқа жауап береді. Кейбір сұрақтар спикер үшін қолайсыздық туғызуы мүмкін, бірақ жоба сонысымен де құнды әрі қызықты.