Қарағандыда екі жасар қыз терезеден құлап кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Бүлдіршін ауруханада жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Қарағандыда 2 жасар қыз терезеден құлап кетті. Оқиға кеше, 30 маусым күні болған, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, ата-анасының қарауынсыз қалған бүлдіршін екінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлаған. 

Екі жасар қыз ауруханаға жеткізілді.

ТЖД мамандарының айтуынша, бұл Қарағанды облысындағы жыл басынан бергі 13-і жағдай.

Облыстың Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауды ескертеді.