«Үйдің төбесі опырылып түскен»: Зәкиева 9 бала мерт болған өрт туралы ақпарат берді

Автор: Бақыт Шынар

Оның айтуынша, үйде екі отбасы түнеген

Фото: ТЖМ

Жетісайда жер үй өртеніп, он екі адам, соның ішінде тоғыз бала тірідей жанып кетті. Тағы үш адам ауыр хәлде жатыр. Бала құқықтары жөніндегі уәгіл Динара Зәкиева үйдің төбесі опырылып түскенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Түркістан облысы Жетісай ауданы Алғабас ауылында 9 бала өрттен мерт болды. Үйде балалы-шағалы екі отбасы түнеген. Үйдің шатыры опырылып түскен. Аймақтағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл мен психологтер оқиға орнына аттанды», - деп жазған Динара Зәкиева.

Өрттің себебі белгісіз.