Екі жұмысшы Шымкент мұнай өңдеу зауытында қаза болған еді
Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытында биыл тамыздың 26-сы күні екі жұмысшы жұмыс орнында мерт болған еді. Арада бірнеше ай өткен соң полиция олардың өліміне күдікті ретінде екі адамды ұстап, қамаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шымкент полициясының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, олар еңбек заңнамасын бұзды деген күдікке ілініп отыр.
«Шымкент қаласының аумағындағы зауыттардың бірінде орын алған абайсызда екі адамның өліміне әкеп соққан еңбектi қорғау қағидаларын бұзу жайты бойынша полициямен қылмыстық іс қозғалған. Іс бойынша екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», - деп хабарлайды полицияның баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу басталған.