$ 524.65  607.02  6.48
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Президент еліміздің мүддесін қорғады»: депутат Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығы туралы

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге мемлекеттік сапармен барған еді 

«Президент еліміздің мүддесін қорғады»: депутат Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығы туралы
Фото: @yerkinabil

Қазақстан мен Ресей арасындағы байланыс әртүрлі бағытта, әсіресе сауда, энергетика, транспорт және ғылым-техникалық салаларда нығайып келеді. Бұл тұрғыда жасалған келісімдер екі жаққа да тиімді болып отыр. Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Еркін Әбіл Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге сапары туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Депутаттың айтуынша, Қазақстан Ресей Федерациясының көркейіп, дамуына мүдделі.

«Қазақстан мен Ресей арасындағы жасалған келісімдер өте маңызды және ең алдымен Қазақстан экономикасының дамуына үлкен әсер етеді. Негізінде Қазақстан Ресей Федерациясының дамуына мүдделі деп айтуға болады. Себебі неғұрлым көршілеріміз дамыған, гүлденген ел болса, соғұрлым Қазақстан экономикасына да пайдасы мол. Бұл – негізгі принцип және негізгі ұстаным. Сондықтан жасалған келісімдер екі жаққа да тиімді. Оның ішінде ең алдымен, әрине, біздің Президент Қазақстанның мүдделерін қорғады», – деді Еркін Әбіл.

Сонымен қатар, депутат Қазақстанның бүкіл Еуразияның транспорттық хабына айналу мақсатына тоқталды.

«Көп жылдар бойы Қазақстан осы мақсатты алға қойып келеді. Қазіргі таңда континенттегі негізгі транспорт дәліздерінің жартысынан көбінің географиялық ерекшелігі бойынша Ресей Федерациясының территориясынан өтуі байқалады. Сондықтан бұл мәселені шешу үшін Ресеймен тұрақты және сенімді қарым-қатынаста болуымыз қажет. Қазіргі әлемдік экономикалық байланыстар өзгеріп жатыр, бірақ бізде үлкен потенциал бар. Ресей Федерациясымен бірлесіп жұмыс істесек, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі ықпал етеді», – деді депутат.

Еркін Әбіл Ресейде дамып келе жатқан озық салаларды Қазақстанда дамыту қажеттігіне де тоқталды.

«Ресейде бұрыннан қалыптасқан әлемдік деңгейдегі озық технологияларды, оның ішінде ғарыш, ядролық энергетика, IT-технологиялар және жасанды интеллект бағыттарын Қазақстанда дамыту маңызды », – деді депутат.

Оның пікірінше, екі ел арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық Қазақстанның технологиялық әлеуетін арттыруға, инновациялық инфрақұрылымды нығайтуға және ұлттық экономиканың тұрақты дамуына үлес қосады.

Серіктес жаңалықтары