Сондай-ақ ол есік алдында тұрған бір көлікті қағып кеткен
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында жүйіткіп келе жатқан көлік бір үйдің қабырғасын талқандап, есік алдындағы көлікке зақым келтірген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Әлеуметтік желіде жол апатының видеосы тарады. Қатты жылдамдықпен келе жатқан машина кенет қозғалысын өзгертіп, бір жақ қырымен көше бойындағы үйге соғылған. Полицияның мәліметінше, жүргізуші ауруханаға түскен.
«12 қараша күні Тайынша ауданында 34 жастағы жүргізушісі «Volkswagen» маркалы көлікті басқарып келе жатып, Желтоқсан көшесінің бойындағы үйге соғылған. Артынан «ВАЗ 21014» маркалы көлікті де қағып кеткен. Жүргізуші ауруханаға түсті. Іс бойынша әкімшілік материалдар жиналып жатыр» - деп хабарлайды полиция.