Олар жақындары үшін үйлеріне қайтуға қорқады
Маңғыстау облысында Солтүстік Бұзашы кен орнының мұнайшылары үйлеріне қайтудан бас тартып отыр. Себебі олар вахталық қалашыққа кірмес бұрын коронавирусқа тест тапсырғанда ешкімнен инфекция анықталмаған. Алайда, бірнеше күннен соң кейбір адамдар өздерін жайсыз сезінгендіктен барлық жұмысшыдан қайта анализ алыныпты. Оның қортындысы бойынша 95 адамның қауіпті індет жұқтырғаны дәлелденген. Енді мұнайшылар басшыларына ем-домды вахталық қалашықта аламыз деген талап қойып отыр.