$ 541.19  636.44  6.49
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.06.2020, 00:21
Оқиғалар

Қуандық Шамахайұлының қандай дәрі ішкені айтылды

Оқытушының шәкірттері істің әділ тергелуін талап етіп, ашық хат жазды

Қуандық Шамахайұлының қандай дәрі ішкені айтылды
Фото: ашық дерек көздерінен

Қуандық Шамахайұлы ішкен дәрінің аты аталды, деп хабарлайды Аzattyq ruhy. Бұл туралы ауруханаға барып, мән-жайды анықтаған заңгер Ләззат Кендебайқызы Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Бергендері «Алувиа» деген дәрі екен. Бәріне беріп жатырмыз деді. Тәуелсіз дәрігерлерден бұл ем жайында қорытынды аламыз. Тек сәл уақыт керек. Сабыр! Қолхатты, дерттің диагнозын анықтау үшін Денсаулық сақтау министріне, Бас прокуратураға ресми хат жазып жатырмын. Бүге-шүгесіне дейін тексеріп,іс қозғату жөнінде. Бірде бір затын, ұялы телефонын да қолға бермейміз деді. Ол үшін анализ қорытындысы шығуы керек екен. Түн ішінде қағазға неге қол қойдырды? Көкейде сұрақ көп. Шыдамдылықпен түбіне жетеміз деп сенем»,- деді адвокат.

Еске салайық, коронавируспен аураханаға түскен белгілі журналист кеше түнде қайтыс болды.

 

Серіктес жаңалықтары