Қостанай облысында 45 жыл жөндеу көрмеген жол орташа жөндеуден өтті

Автор: Бақыт Шынар

«Жезқазған – Арқалық – Петропавл» трассасының 323-339 шақырымы жөнделген

Фото: istockphoto.com

Қостанай облысында республикалық маңыздағы KAZ13 «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автомобиль жолының учаскесі орташа жөндеу көрді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

«ҚазАвтоЖолдың» мәліметіне сүйенсек, бұл жол соңғы рет 1980–1984 жылдары жөнделген екен.  

«Бұл жол еліміздің маңызды көлік дәліздерінің бірі. Ол орталық Қазақстанды солтүстік өңірлермен байланыстырады», - деп хабарлайды компания.

Қостанай облысының аумағынан өтетін бұл автожол:

  • өндірістік орталық саналатын Жезқазған қаласы мен солтүстік өңірлер арасындағы тікелей көлік қатынасын қамтамасыз етеді;
  • Астана арқылы айналып өтпей, орталық пен солтүстік аймақтар арасындағы қашықтықты қысқартуға мүмкіндік береді.