$ 522.49  601.07  6.47
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Биыл тоғыз айда Түркістан облысында 1 тонна есірткі тәркіленген - прокуратура

Есірткі контрабандасына қатысты 20 іс тіркелген

Биыл тоғыз айда Түркістан облысында 1 тонна есірткі тәркіленген - прокуратура
Фото: Түркістан облысының прокуратурасы

2025 жылдың 9 айында Түркістан облысында есірткінің заңсыз айналымына байланысты 369 қылмыс тіркеліп, 305 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде 20 іс есірткі контрабандасына қатысты болған. Заңсыз айналымнан 1,04 тонна есірткі заты тәркіленген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, бүгін облыста шекара бекетіндегі есірткіге қарсы күрес қызметтің жұмысы талқыланған.

«Күн тәртібінде шекаралық бақылау бекеттеріндегі есірткі контрабандасына қатысты қылмыстарды алғашқы тексеру мен тергеу барысында туындайтын өзекті мәселелер және синтетикалық есірткілерге қарсы күресті күшейту жолдары талқыланды», - деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Облыс прокуроры Мұрат Тлеубердиев тиісті органдарға бірнеше тапсырма берген. соның ішінде:

  • шекаралық аймақтарда есірткі контрабандасына қатысты бақылауды күшейтуді;
  • күдіктілерді заң аясында, бейнежазба арқылы тергеуді тапсырған.
Серіктес жаңалықтары