$ 528.31  608.35  6.55
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада тоқсанға таяған ақсақал пәтерін сатып, ақшасын курьерге бере салған (ВИДЕО)

Қария 39 млн теңгесінен айырылып қала жаздаған

Астананың киберполициясы алаяқтарға алданып қалған 87 жастағы қарияның ісін тергей келе 23 жастағы курьерді қолға түсірді. Дәл осы жігіт алаяқтар қариядан алдап алған 39 млн теңгені жеткізген адам, деп  хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астана полициясының мәліметіне сүйенсек, биыл тамыз айында 87 жастағы азаматқа телефон соғып, өздерін Ұлттық банк және Ішкі істер министрлігінің қызметкеріміз деп таныстырған. Оның атындағы пәтерін әлдекімдер өз атына аударып алғалы жатыр деп қорқытып, шұғыл әрекет етуге көндірген.

Алаяқтарға әбден сенген қарт кісі пәтерін сатып, 39 млн теңгені «қауіпсіз шотқа апаратын» курьерге берген.

Полиция жан-жақты іздеу жүргізе отырып, курьерді тауып, оны қамауға алды. Оның пәтерін тінту кезінде қарияның 39 млн теңгесі табылған.

Серіктес жаңалықтары