Қостанайда полицейге пышақ жарақатын салған ер адам ұсталды

Автор: Алмас Ерсін

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

Фото: istockphoto.com

Қостанайда полицейлер денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірді деген күдікпен 33 жастағы қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейге пышақ салған

Құқық қорғау органдарының мәліметінше ол полиция қызметкеріне пышақ жарақатын салған.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдікті қамауға алынды

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтайды.