$ 528.31  608.35  6.55
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қызылорда облысында көкпарда автокөлік аттарды қағып кетті (ВИДЕО)

Жүргізуші көкпар алаңына шығып кеткен

Қызылорда облысында көкпарда автокөлік аттарды қағып кетті (ВИДЕО)
t.me/CMN_KZ/ видеосының скришоты

Қызылорда облысында көкпар кезінде көлік аттарды қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланды. CMN.KZ Telegram каналының мәліметінше жүргізуші көлікті көкпар өтіп жатқан алаңға айдап барып, бірнеше атты қағып кеткен.

Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі біздің агенттікке оқиғаның мән-жайын хабарлады. Оқиға 2025 жылдың 1 қарашасында Шиелі ауданындағы Алғабас ауылында ауыл тұрғыны ұйымдастырған көкпар ойыны кезінде болған.

«Ойын кезінде 102 арнасына ешқандай хабарлама түскенжоқ. Қазіргі таңда бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Көлік жүргізушісі анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Тергеу барысында оқиғаға қатысушылардың әрекетіне заңды баға беріледі», - деп хабарлады полиция.

Полиция департаменті кез келген спорттық, ойын-сауық немесе мәдени іс-шаралар өткізу кезінде уәкілетті органдарға алдын ала хабарлау қажет екенін еске салды. Іс-шараны ұйымдастырушы осы тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары