Абай облысындағы жол апатынан үш адам мерт болды (ВИДЕО)
Апат кезінде жеңіл көлік пен жүк көлік соқтығысқан
Абай облысы Бесқарай ауданында, Омбы-Майқапшағай автожолының 615/706-шақырымында Toyota Avensis жеңіл автокөлігі мен Howa жүк көлігі бір-біріне соғылды. Toyota Avensis автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Абай облысының полиция департаментіне сілтеме жасай отырып.
Абай облысы Полиция департаменті Бесқарағай ауданы полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Ербол Дәйірбековтің айтуынша, апат 2 қараша күні таңғы сағат 05:45 тіркелген екен.
Жол апатына қатысты «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу» бабы бойынша тергеу басталған.
Айта кетейік, жуырда Ақтөбе облысындағы жол апатынан 12 адам мерт болған еді.