«Ауғанстанда 7 адам қаза тапты»: Шымкент пен Түркістан тұрғындарына жер сілкінісі сезілді

Автор: Бақыт Шынар

Қазақстандағы дүмпудің күші 2 балл болған

Фото: istockphoto.com

Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық станциялары хабарлағандай, Шымкент пен Түркістан облысында күші 2 баллдық жер сілкінісі сезілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жер сілкінісі Астана уақытымен түнгі сағат 01:29-да сезілген. Эпиорталығы Ауғанстан аумағында, Алматыдан 1079 шақырым жерде болған.

Ауғанстан билігі жер сілкінісен 7 адамның қаза тауып, 15 адамның зардап шеккенін хабарлады.