Өскемендік құтқарушылар 15 адамды өрттен аман алып қалды
Қызыл жалын 15 шаршы метр аумаққа таралды
Өскемен қаласында құтқарушылар өрт салдарынан 15 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше өрт Виноградова көшесіндегі 10 қабатты үйдің үшінші қабатындағы пәтерден шыққан.
«Келген құтқарушылар түтін басқан кіреберістен жедел түрде 15 тұрғынды, оның ішінде 3 баланы эвакуациялады», - деп жазылған хабарламада.
Қызыл жалын 15 шаршы метр аумаққа таралды. Зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертті.
Еске сала кетейік, Қосшы қаласындағы өрт кезінде құтқарушылар 40 адамды қауіпсіз жерге шығарған болатын. Жангелдин көшесіндегі бес қабатты үйдің екінші қабатында электр қалқаншасында қысқа тұйықталу болып, қою түтін басқан. Өрттен зардап шеккендер жоқ.