31.10.2025, 11:25
Оқиғалар
Түркістан облысындағы трагедия: дене шынықтыру сабағында жарақат алған оқушы қаза тапты
Бала жаттығу жасап жатып, құлаған
Фото: © freepik.com / dotshock
Түркістан облысы Шардара ауданындағы мектептердің бірінде дене шынықтыру сабағына келіп, жаттығу жасаған оқушы көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл ақпаратты редакциямызға Түркістан облысының Білім беру басқармасы растады. Қазір бала өліміне қатысты тергеу басталған.
«Баланың өліміне қатысты оқиға білім басқармасының бақылауында. Алдын ала мәлімет бойынша, дене шынықтыру сабағында бала жаттығу жасап жатып, құлап түскен. Мұғалім мен мектептің медбикесі баланы тез арада Шардара ауданының ауруханасына апарған. Алайда, операция кезінде бала жан тапсырды», - деп хабарлайды білім басқармасы.
Қазір баланың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталған.
Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
Бүгін, 02:13
Қыздарына барып келе жатқан: ерлі-зайыпты Астана – Петропавл тас жолында жол апатынан қаза тапты
04.11.2026, 15:24
«Полиция формасын хэллоуинге теңеген»: әйел адам әзілдемеймін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:32
Қайғылы жағдай: Текеліде 11 жастағы қыз баланы экскаватор басып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды