31.10.2025, 10:54
Оқиғалар
Алматы полициясы Қайрат Нұртастың концерті үшін қатаң шаралар қабылдауға мәжбүр
Әншінің концертіне бола бірнеше көше жабылады
Фото: instagram.com/kair_n
Алматы полициясы Қайрат Нұртастың концертіне байланысты маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция Орталық стадиондағы концерттің алдында қауіпсіздік шараларын күшейткен. Нақтырақ айтсақ, кептелістің алдын алу үшін бірнеше көше жабылатын болды.
«Алматы полициясы Орталық стадионда өтетін Қайрат Нұртастың концерті кезінде қоғамдық тәртіп пен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Кептелістің алдын алу үшін Абай даңғылы – Байтұрсынұлы, Мұқанов және Сәтбаев көшелерінің қиылысында автокөлік қозғалысы ішінара шектеледі», - деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Концерт бүгін, 31 қазан күні кешке болады.
Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
Бүгін, 02:13
Қыздарына барып келе жатқан: ерлі-зайыпты Астана – Петропавл тас жолында жол апатынан қаза тапты
04.11.2026, 15:24
«Полиция формасын хэллоуинге теңеген»: әйел адам әзілдемеймін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:32
Қайғылы жағдай: Текеліде 11 жастағы қыз баланы экскаватор басып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды