Жетісуда 481 көлікті заңсыз тіркеген ХҚКО қызметкері Ресейге қашып кеткен
Оны Бас прокуратура елге экстрадициялады
 
                        Жүк көліктерін заңсыз тіркеумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың сыбайласы Ресей Федерациясынан экстрадицияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
«Күдікті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» маманы бола тұра, ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында 2022-2023 жылдар аралығында автокөлік иелерін іздеп тауып, алғашқы тіркеу алымдары бойынша төлемдер туралы көрінеу жалған мәліметтерді ақпараттық жүйесіне енгізу арқылы олардың көлік құралдарын заңсыз тіркеген», - деп хабарлайды Бас прокуратура.
Осылайша ол 481 көлікті заңсыз есепке қойып, бюджетке 3,7 млрд теңге көлемінде аса ірі мөлшерде залал келтірген.
«Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған болатын. Биыл наурыз айында Мәскеу облысында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша отанына экстрадицияланды», - деп хабарлайды Бас прокуратура.
Күдікті тергеу изоляторына қамалды.
 
 
                         
                    