$ 530.07  615.2  6.58
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда жасөспірім жерде жатқан үйсіз-күйсіз адамды тепкілеп тастады

Полиция көшеде ер адамды ұрып-соққан кәмелетке толмаған баланың кім екенін анықтады

Алматыда жасөспірім жерде жатқан үйсіз-күйсіз адамды тепкілеп тастады
Фото: видеодан скрин

Алматыда қала аудандарының бірінде жасөспірім ер адамды ұрып-соқты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әлеуметтік желіде жасөспірімнің жерде жатқан үйсіз-күйсіз ер адамға қатыгездік танытқаны жайлы видео жарияланды. Кәмелетке толмаған бала ер адамды қоқыс жәшігінің жанында тепкілеп тастаған.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға 24 қазанда Таугүл-1 шағын ауданында № 33 үйдің жанында болған. Жасөспірімнің оң қолы бинтпен таңылғанын көруге болады.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттікке Әуезов аудандық полиция басқармасының қызметкерлері оқиға бойынша тергеу жүргізгенін хабарлады.

«Кәмелетке толмаған бала мен оның заңды өкілінің кім екені анықталды. Жасөспірім мен оның ата-анасына қатысты заңға сәйкес шаралар қолданылды. Полиция кез келген қатыгездікті, әсіресе кәмелетке толмағандар жасаған әрекетті түбегейлі айыптайды. Мұндай әрекетке жол беруге болмайды», - дейді полиция.

Серіктес жаңалықтары