«Алғашқы құрбандары бар»: Алматы прокуратурасы «Дайвинчик танысу» каналына қатысты дабыл қақты

Автор: Бақыт Шынар

Прокуратура ол арнаға тыйым салмақ

Фото: istockphoto.com

Алматы қаласы Алатау ауданының прокуратурасы кәмелетке толмаған қыз балаға қатысты құқыққа қарсы іс-әрекет күдіктінің ісін сотқа жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тергеуге сенсек, кәмелет жасына толмаған қыз 2025 жылы сәуірде осы каналдағы танысу сайтына тіркеліп, бір жігітпен танысқан көрінеді. Кейіннен ол жігіт қыз балаға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер жасаған.

«Алатау ауданының прокуратурасы жас шектемейтін және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін «Дайвинчик танысу» Telegram-арнасын анықтады. Прокуратура аталған ресурстың жұмыс істеуін заңсыз деп тану және оның Қазақстан Республикасының аумағында қызметіне тыйым салу туралы сотқа талап-арыз енгізді», - деп хабарлайды прокуратура.