30.10.2025, 13:48
Оқиғалар
«Әкесінің көлігін сұрамай мініп кеткен»: Ақтөбеде 13 жасар ұл қаза тапты
Бала рульге ие бола алмай, апатқа ұшыраған
Фото: istockphoto.com
Ақтөбе облысында тағы бір оқушы көлік апатынан қаза тапты. 13 жасар жасөспірім әкесінің көлігін рұқсатсыз мініп кетіп, апатқа ұшыраған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақтөбе облысының полиция департаменті хабарлағандай, жол апаты осыдан үш күн бұрын, 27 қазанда тіркелген екен.
«13 жастағы жасөспірім әкесінің автокөлігін рұқсатсыз алып, елді мекен аумағында келе жатқанда көлікті басқара алмай, жол жиегіндегі кюветке аударылып кеткен. БЛала жарақат алып, ауруханаға түскен. Алайда, дәрігерлер бар амалды жасаса да ажалдан арашалай алмады», - деп хабарлайды полиция.
Көп оқылған
19.09.2026, 06:38
Алматыда өтіп бара жатқан адамдарға тиісіп, қару көрсетіп жүрген бес жігіт ұсталды (ВИДЕО)
19.09.2026, 07:38
Павлодарда Ертіс өзеніне батып кеткен ер адамның мәйіті бір аптадан кейін табылды (ВИДЕО)
19.09.2026, 08:55
Сенбі күні Қазақстанда ауа райы қандай болады
19.09.2026, 14:08
Президентке Астананы абаттандыру жұмыстары туралы баяндалды
20.09.2026, 00:28
Қытайда магнитудасы 4,4 болатын жер сілкінісі болды
19.09.2026, 12:17
Алматыда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен бойжеткен аман-есен табылды