Алаяқ анықталды
Жетісу облысының 64 жастағы тұрғыны интернет арқылы табыс табамын деп ақшасыны алаяқтарға бергенін білмей қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кербұлақ аудандық полициясы алаяқтың кім екенін анықтап, қарияның 800 мың теңгесін алып берген.
«Мен Қазатомпромға кірейін деп ойлап, алаяқтарға ұрынып қалдым. Полиция бөліміне арздандым, 2-3 күнде ісім қаралып, ақшам қайтарылды. Бүкіл қазақстандықтарға айтарым, байқаңыздар, мен сияқты алданып қаласыздар», - дейді жәбірленуші Алмасбек Тұяқбаев.
Полицияның мәліметінше, зейнеткер табыс табамын деп интернет арқылы акция сатып алған, осылайша 800 мың теңгесінен айырылып қалды.
«Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр. Мұндай жағдайлар азаматтарға кез келген онлайн-сатып алу немесе инвестиция кезінде сақ болудың маңыздылығын еске салады. Полиция қызметкерлері күмәнді сайттар мен жарнамаларға сенбеуге, ал аз да болса күдік туындаған жағдайда ішкі істер органдарына жүгінуге шақырады», - делінген полиция хабарламасында.