Шуда екі көрші құрал-сайман үшін төбелесіп, біреуі үш жылға сотталды

Автор: Бақыт Шынар

Құрылысқа қажетті құрал-жабдық үшін төбелескен екеуінің ісі сотта қаралды

Фото: istockphoto.com

Шу аудандық соты екі көршінің жанжалына нүкті қойды: құрылыс материалдары үшін төбеліс қалған жігіттің біреуі ауыр жараланса, екіншісі енді үш жыл түрмеде отырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жамбыл соттарының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, биыл қыркүйек айында Төле би ауылында тұратын жігіт көршісіне барып, уақытша ұстай тұру үшін құрал-сайман сұраған. бірақ, көршісі бермеген. Соған ашуланған ол төбелес шығарып, ақыры қол астында тұрған пышақты көршісінің ішіне сұғып алған.

Жігіт ауруханаға түсіп, әрең жаны қалған. Полиция қылмыстық іс қозғап, көршісін жаралаған жігітті 3 жылға соттады. Айта кетейік, сотта пышақталған жігіт көршісіне кешірім беріпті.