$ 530.15  617.47  6.64
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Маңғыстауда жылқының кесірінен екі адам көз жұмды (ВИДЕО)

Тергеу жүргізіліп жатыр

Маңғыстауда жылқының кесірінен екі адам көз жұмды (ВИДЕО)
Фото: istockphoto.com

Екі адамның өмірін қиған жол апаты Бейнеу-Шетпе-Ақтау тас жолында болды. Маңғыстау облыстық полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше 26 қазанда шамамен таңғы сағат 7:30-да кезекшілік пунктіне Бейнеу-Шетпе-Ақтау тас жолында жол апаты болғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Mercedes-Benz жүргізушісі жылқыны қағып кеткені анықталды. Оның артынан келе жатқан Nissan Teana да малмен соқтығысқан.

Апат салдарынан Mercedes-Benz көлігіндегі екі жолаушы көз жұмды.

«Жол апаты фактісіне қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 345-бабы (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады ведомство.

Серіктес жаңалықтары