$ 535.83  624.94  6.69
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы тауларында ер адам қолын сындырып алып, жалғыз қалып қойған

Төтенше жағдайлар министрлігі құтқару операциясын жүргізді

Алматы тауларында ер адам қолын сындырып алып, жалғыз қалып қойған
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

ТЖМ қызметкерлері Алматы облысының Қарасай ауданындағы Мұғалім шыңында қолын сындырып алған ер адамды құтқарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өздігінен төмен түсе алмаған

Ведомствоның мәліметінше 112 қызметіне сигнал кеше түскен. 1999 жылы туған ер адам қолын сындырып алып, өздігінен төмен түсе алмай жатқанын хабарлаған.

Тау жолымен өте алмауына байланысты жедел жәрдем бригадасының көлігі оқиға орнына жете алмады.

«Құтқарушылар зардап шеккен адамға жетіп, оны төменге түсіріп, жедел жәрдем тобына табыстады», - деп жазылған хабарламада.

Құтқарушылар ескерту жасады

ТЖМ тауға серуенге шыққанда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігі туралы ескертті. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу керек.

Серіктес жаңалықтары