24.10.2025, 16:35
Оқиғалар
Атырауда арнайы орталықтың тәрбиешісі мүгедектігі бар баланы ұрып-соғып, мазақ еткен (ВИДЕО)
Қылмыстық іс қозғалды
Фото: скрин
Атырау облысында әлеуметтік орталықтардың бірінде тәрбиеші мүмкіндігі шектеулі баланы ұрып-соққан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желіде жария болған видеода ересек адамның кішкентай баланың жүрісін салып, мазақ еткені де көрінеді.
«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, куәгерлер мен оқиғаға қатысы бар адамдардан жауап алынып жатыр», - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, оқиға 2024 жылы болған, алайда бұл туралы полицияға биыл 25 қыркүйекте ғана белгілі болған.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Көп оқылған
26.10.2026, 06:16
Алматыда екі аптаға жуық іздестірілген 42 жастағы ер адам өлі табылды
26.10.2026, 14:00
СІМ: Түркияда қазақстандық бойжеткен биіктен құлап қаза тапты
27.10.2026, 13:01
Атырауда «қайын жұртын қырып тастаған» жігітті өмір бойына соттаған атақты судья марапатталды (ВИДЕО)
26.10.2026, 17:02
Жезқазғанда екі мас жүргізуші жолда жарыс ұйымдастырған (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды