Қытай мен Өзбекстанға барып, жігіттерге тиіскен блогер екінші рет полицияның алдына барды

Автор: Темірхан Айжан

Оған қолданылатын ендігі шара қатал болмақ 

Фото: скрин

Блогер Аружан Айбековағаның үстінен әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция Қытай мен Өзбекстанде әдепсіз пранк жасаған блогер қызға қатысты тексеру жүргізіп, оған ұсақ бұзақылық фактісі бойынша істі сотқа жолдады.

«Аталған азаматша бұған дейін де осындай әрекеттерге жол берген, сол кезде онымен профилактикалық әңгіме жүргізілген болатын. Алайда, ол тиісті қорытынды шығармағаны байқалады. Мұндай қылықтар қоғамдық моральға құрметсіздік танытады және іс-әрекеттің белгіленген нормаларын бұзады», - делінген хабарламада.

Полиция, қоғамдық орындардағы әдепсіз, арандатушылық немесе адамның ар-намысын қорлайтын кез келген іс-әрекетке жол берілмейтінін және заң аясында жауапкершілік қарастырылатынын еске салды.

Айта кетейік, Аружан Айбекова Ташкент метросында вагонда отырып, жігіттердің қолынан ұстап, санына қол жүгірткен. Өзбекстандық желі қолданушылары оның әрекетін адамдарды келеке ету деп бағалап, қатты сынады. Аружан Айбекова бұған дейін де Қытай метросында осындай өрескел қылықтар жасаған. Онымен қоймай, тағы бір пранкінде блогер қыз өзінің танысының қалтасынан телефон алып, оны бейтаныс адамдарға «ұсынып», кейін оларды ұрлық жасады деп айыптағандай түр танытқан. Бұл әрекеттер айналасындағылардың үрейі мен түсінбеушілігін туғызған. Сол кезде жергілікті билік дереу әрекет етіп, Айбекованың аккаунттары барлық платформалардан бұғаттап, видеолары өшірген. Блогер елге оралған соң, полиция шақырып, профилактикалық әңгіме өткізген еді.