«Облыс әкімі жолға шықты»: Ақтөбедегі ірі жол апатында жараланғандардың жағдайы қандай

Автор: Бақыт Шынар

Үш адамның жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр

Фото: скриншот

Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы бүгін таңертең Ақтөбе облысындағы жол апатынан жараланғандардың жағдайы туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ауруханаға түскен бес адамның үшеуінің жағдайы – ауыр, екеуі – орташа. Бір адам ауруханаға жатудан бас тартты. Жарақат алғандар Хромтау аудандық ауруханасында жатыр», - деп хабарлайды облыстың денсаулық сақтау басқармасы.

Дереккөзге сүйенсек, оқиға орнына облыс әкімі Асхат Шахаров аттанған.