«Семей орманының» филиалы ағашты дұрыс сатқанда қарызын жаба алатын еді – прокуратура

Автор: Бақыт Шынар

Филиал мемлекетке 75 млн теңге салық төлеу керек

Фото: istockphoto.com

«Семей орманы» кәсіпорнының Бородулиха ауданындағы филиалының басшысы ағашты әдейі арзанға сатып, мекемені шығынға ұшыратқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Прокуратураның мәліметіне сүйенсек, филиал басшысы ағаштың санатын заңсыз арзандатқан. Соның кесірінен, 4 мың текше метр ағаш сатылмай қалған.

«Филиал басшысы жұмысын дұрыс ұйымдастырмаған, мекеме мүддесі үшін қызмет етпеген. 2024 жылдың соңына қарай 4 мың текше метр ағаш сатылмай қалған, өйткені, филиал басшысы ағаштың санатын заңсыз жолмен арзандатып жіберген. Соның кесірінен, кәсіпорын 80 млн теңге қаржыдан айырылды. Бұл қаражат кәсіпорынның 75 млн теңге көлеміндегі салық берешегін толық өтеуге мүмкіндік берер еді», - деп хабарлайды прокуратура.

Осы олқылықтарды ескерген құзырлы орган филиал басшысына бірінші қатаң сөгіс жариялап, кейін қызметінен босатқан. Филиал мемлекет алдындағы салық қарызын басқа жолмен төлеген.