19.10.2025, 08:01
Оқиғалар
Солтүстік Қазақстанда өртенген жеке үйден екі адамның мәйіті табылды
Өлімнің мән-жайы анықталып жатыр
Фото: ҚР ТЖМ
Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында жеке үйдегі өрт салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 7152.kz сайтына сілтеме жасап.
Каменный брод ауылында тұрғын үй өртеніп жатқаны туралы хабарлама Төтенше жағдайлар департаментіне 17 қазан күні сағат 15:30-да келіп түскен.
Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өртті сөндіруге № 7 өрт сөндіру бөлімінің төрт қызметкері жұмылдырылған. Екі техника тартылды.
Басылымның мәліметінше өртенген үйден екі адамның денесі шығарылған. Мамандар өлімнің мән-жайын анықтап жатыр.
Көп оқылған
11.09.2026, 14:46
Ақмолада бір топ шетелдіктің былығы әшкере болды: полиция олардың қайдан келгенін анықтады (ВИДЕО)
11.09.2026, 22:09
Әкімді танымай қалды: Тоқаевтың қолынан марапат алған екі баланың тәтті қылығы елді күлкіге қарқ етті (ВИДЕО)
11.09.2026, 21:07
«Әпкесінің балабақшасына 1,3 млрд теңге аударған»: Түркістанда білім бөлімінің басшысына қатысты сұмдық ақпарат тарады
11.09.2026, 09:14
Жаңаөзенде аурухананың екі төсегін 210 млн теңгеге сатып алған: әкімнің экс-орынбасары тергеліп жатыр