Астанада Агротехникалық университетте оқитын студент қыз қайғылы жағдайда қаза тапты

Автор: Бақыт Шынар

Полиция қылмыстық іс қозғады

Фото: istockphoto.com

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің екінші курс студенті Астанадағы көпірлердің бірінен секіріп, өз-өзіне қол салған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Қаланың полиция департаменті оқиғаны растады. 

«Суицид фактісі бойынша алдын ала тергеу басталды. Алдын ала берілген мәліметтерге сәйкес, елорданың 18 жастағы тұрғыны көпірден секірген. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, тексеріс жүріп жатыр», – деді Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы.

Айта кетейік, биыл жазда Назарбаев университетінің студенті де суицид жасап, көз жұмған болатын.