«Көзінің астында меңі бар»: Абай облысында 13 жастағы қыз із-түссіз жоғалып кетті
Полиция департаменті іздеу жариялап отыр

Абай облысы полиция департаменті кәмелетке толмаған Аружан Саржанға іздеу салады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полицияның мәліметіне сүйенсек, Аружан Саржан 2012 жылы 26 маусымда туған. Қазір жасы 13-те. Кеше үйінен шыққан қалпы қайтып оралмаған.
«Ол 2025 жылы 13 қазан күні Бородулиха ауылы, Достық көшесіндегі үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, үйіне қайтып оралмаған. Осы уақытқа дейін оның қайда екені белгісіз», - деп хабарлайды полиция.
Полицияның мәліметіне сүйенсек, Аружанның мынандай белгілері бар: шашы ұзын, қара түсті, көзі қоңыр, өңі қараторы. Көзінің астында меңі бар. Бойы 155–160 см шамасында, арықша денелі. Үстіндегі киімі: қара түсті күрте, ақ түсті капюшоны бар жейде, ақ түсті кроссовка.
«Егер суреттегі қыздың жүрген жері туралы қандай да бір ақпаратыңыз болса, 102-ге хабар беріңіз», - дейді дабыл қаққан полиция.