$ 537.77  622.95  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырау прокуратурасы вокзалдан тура түрмеге баратын автобус бағытын ашты (ВИДЕО)

Қалада №75 тергеу изоляторы жұмыс істейді

Атырау прокуратурасы вокзалдан тура түрмеге баратын автобус бағытын ашты (ВИДЕО)
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Атырау облысының прокуроры Мадияр Басшыбаев Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты №15 ерлер колониясы мен №75 тергеу изоляторына барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Прокуратураның мәліметіне сүйенсек, облыс прокуроры түрмен мен изоляторға барып, сотталғандардың тұрмыстық жағдайымен танысқан.

«Облыс прокуроры қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің басты мақсаты  - тек жазалау орны емес, сотталушыларды қоғамға бейімдеу екенінде атап өтті. Жазасын өтеп жатқандардың құқықтарын басты назарға шығарып, осы бағыттағы қадағалауды күшейтуді тапсырған», - деп хабарлайды прокуратураның баспасөз қызметі.

Мәліметке сүйенсек, прокуратура түрмедегі азаматтардың құқығын жақсарту үшін бірнеше бастама көтеріпті. Сол бастамалардың арқасында №15 мекеме аумағында жаңа ғимарат салынып жатыр.  

«Прокуратураның ұйымдастыруымен биыл қазан айынан бастап вокзал мен тергеу изоляторы бағытында жолаушылар автобусы қатынай бастады», - деп хабарлайды прокуратураның баспасөз қызметі.


 

Серіктес жаңалықтары