$ 539.06  623.75  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астана әкімдігі ірі зауытты «Көкталға» көшіру үшін иесіне 1 млрд теңгеге жуық ақша төлеген

Сот әкімдікке қарасты басқарманың арызын қанағаттандырды

Астана әкімдігі ірі зауытты «Көкталға» көшіру үшін иесіне 1 млрд теңгеге жуық ақша төлеген
Фото: istockphoto.com

Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты қалалық Тұрғын үй басқармасының өнеркәсіптік кәсіпорын иелеріне қарсы азаматтық ісін қарап, басқарманың талабын қанағаттандырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Соттың мәліметіне сүйенсек, дау осыдан 8 жыл бұрын басталған екен.

«2017 жылдан басталған. Сол жылы А51 және А91 көшелерінің қиылысында орналасқан зауыттың жер учаскелері мен ғимараттары тұрғын үй кешенін салу мақсатында мемлекет қажетіне алынған. Өтем ретінде кәсіпкерлерге Көктал көшесі ауданынан өндірістік база мен қоймаларды орналастыруға арналған жаңа жер учаскелері беріліп, сондай-ақ 834 млн теңге көлемінде өтемақы төленген», - деп хабарлайды сот.

Алайда, соттың материалдарына сенсек, зауыт иесі жаңа жерге қатысты өз құқығын ресми түрде рәсімдемей, бұрынғы орнында жұмыс істей берген екен. Сондай-ақ, 1 млрд теңгеге жуық өтемақыны мақсатына сай пайдаланбай, депозитке салып қойыпты.

«Сот талқылауы барысында берілген жер учаскелерінің нысаналы мақсатына толық сәйкес келетіні және инженерлік коммуникациялардың болмауы заң талаптарын бұзбайтыны анықталды, себебі әңгіме тұрғын үй емес, өнеркәсіптік аймақ туралы болып отыр.Осыларды ескере келе сот, қалалық Тұрғын үй басқармасының талабын қанағаттандырған. Кәсіпорын иелеріне берілген жер учаскелеріне құқықтарды қабылдап, ресімдеу міндеті жүктелді», - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары