Прокуратура осындай төрт адамның куәлігін жойды
Астана қаласының прокуратурасы психикалық сырқаты бар алты адам әлі де көлік тізгіндеп жүргенін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Медициналық қарсы көрсетілімдер тізіміне сәйкес көлік жүргізуге тыйым салынған 76 адамның ішінде 6 азаматтың қолданыстағы жүргізуші куәліктері бар екені анықталды. Осыған байланысты, елорда прокуратурасы алты азаматқа қатысты азаматтық талап арыз беріп, сотта жеңіп шықты», - деп хабарлайды Астана прокуратурасы.
Сондай-ақ, Астанадағы аудандардың бірінде де төрт адамның көлік жүргізу куәлігін жоюға қатысты сот отырыстары өткен екен.